Печать
Просмотров: 258

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Шығыс Қазақстан облысы, Семей аймағы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен рухани іс-шара “Адамзаттың кемелі – Әз –  Мұхаммед (с.а.у)” атты Мәуліт мерекесі атап өтілді. 

Осы шарада «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында кезекті 479-баспананың кілтін жылдар бойы жеке баспанасыз адал қызмет еткен Бородулиха ауданының Бас имамы Әріпжан Қожанұлына табыс етілді. Бас имам Асқар Әбітайұлы жомарттық жасап, жобаға үлес қосқан жұмыла көтерген халыққа, кәсіпкерлерге, ұжымға сондай-ақ осы қайырымдылық жобасына атсалысып жүрген баршаңызға алғыс білдіреміз деп жүрек жарды тілегін жеткізді.

Сіздерге Алланың нұры жаусын! Садақа беру арқылы адамның өмір жасы ұзарады және судың отты сөндіргеніндей садақа күнәларды өшіреді! Қоғамымызда бір-біріне қол ұшын созар қайырымды жандар көп болсын!