Печать
Просмотров: 394

Бүгін,   ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерейтойы  күні   Шымкент қаласы,  Қаратау ауданы,  Бозарық мөлтек ауданында  «Ел үлесі — пәтер» акциясы аясында №505-ші баспана кілтін табыстау шарасы ұйымдастырылды.

         Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы,  найб имам Мұхамеджан Естеміров,  белгілі айтысқар ақын Ақмарал  Леубаев,  Қаратау аудандық  мешіттің имамы  Дастан Желеуов және қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері мен қалалық «Әжелер» мектебінің мүшелері қатысты.

         Баспанаға мұқтаж жеті перзент өсіріп отырған батыр ана Махабат Құрбановаға Тәуелсіздік мерекесі күні тосын сый ретінде Шымкент қаласының бас имамы  Бақдаулет қажы  Нұрматұлы баспана кілтін табыс етіп, құтты болсын айтып, өміріне береке тіледі.

         Жалпы, үй сапалы етіп салынған. Үйге күнделікті тұрмыстық қажетті заттармен  және  газ, су т.б. қамтамасыз етілген.  Жер көлемі 8 сотоқ. 

         Айта кетсек, осы шараға Абай мен Қаратау аудандық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері  тікелей өз үлестерін қосты. Игі бастамаға қолдау көрсеткен кәсіпкер  азаматтарымызға  Алла Тағала разы болсын! Қоныс құтты һәм берекелі болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі