Печать
Просмотров: 162

 ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің «Зекет және қайырымдылық» қоры филиалы және Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қасиетті Қадір түні қарсаңында мүмкіндігі шектеулі жандарға сый жасалды. «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында өткен қайырымдылық шарасында 8 отбасыға 50 000 теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.

«Зекет және қайырымдылық» қорының Нұр-Сұлтан өкілдігі бойынша жауапты өкілі Мерей Жақия және «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздары науқас жандардың үйлеріне арнайы зиярат жасап, Қадір түнімен құттықтап қайтты.