Печать
Просмотров: 118

Жұртшылыққа мәлім, осыдан біраз уақыт бұрын Қостанай ауданына қарасты Жамбыл ауылында Мадина Ерланқызы жоғалып кеткені туралы. Әрине, ғұмыры тым қысқа болған қыздың хал-жағдайы өңір жұртшылығына өте ауыр тиді. Барша қауымның қабырғасы қайысып, қайғы жамылған отбасының ауыртпалығына ортақтасты.

«Көп түкірсе, көл болар» демекші, оның тағдырына бей-жай қарамаған жүрегі жомарт өңір жұртшылығы олардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі үшін атсалысып, 5 млн теңге қаражат жинады. Ал облыстағы қайырымдылық қырларымен танымал «Олжа-Агро» фирмасының ұжымы 10 млн теңге бөлді.

Осы жинаған қаражатқа елімізде «Ел үлесі-пәтерге» жобасы бойынша 584-ші баспана сатып алынып, өткен қасиетті жұма күні марқұм жасөспірім Мадина қызымыздың анасына үйдің кілті тапсырылды.Бұл орайда Бахытбек қажы Тәжімбет басқаратын өңірдегі бүкіл мешіт имамдары мен қызметкерлері жанашырлық пен ұйымшылдық танытқанын ерекше атап өткеніміз жөн.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі