Ел үлесі- пәтерге жобасының аясында республика бойынша 591-үй, Жетісу облысы, Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылының тұрғыны, көп балалы ана Қойшыбай Өзгеріске бес бөлмелі үйдің кілті табысталды.
Қуаныштан алғысын білдірген ана да, ауыл жұрты да көпшілік ықыласына бөленген осынау игі жобаға мешіт жамағаттының атсалысуына ұйытқы болған ауыл имамы Әділұлы Едігеге ризашылықтарын білдірді.
Бұл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен қолға алынған «Зекет және қайырымдылық» қайырымдылық қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында беріліп жатқан Жетісу облысы бойынша-85-ші. Көксу ауданы бойынша-11-ші баспана.
Талай шаңырақтың шаттыққа кенелуіне себепкер болған жобаға атсалысқан барша ағайынға Алланың разылығы болсын!
View the embedded image gallery online at:
https://zeket.online/8-ourworks/682-zhetisu-oblysy-bojynsha-85-shi-p-terdi-kilti-tabystaldy.html?print=1&tmpl=component#sigProId1eb8d3d9d4
https://zeket.online/8-ourworks/682-zhetisu-oblysy-bojynsha-85-shi-p-terdi-kilti-tabystaldy.html?print=1&tmpl=component#sigProId1eb8d3d9d4