Печать
Просмотров: 121

Бүгін Шымкент қаласының орталық мешітінде «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен «Берекелі жұма» қайырымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев арнайы қатысып, ізгі тілектерін арнады. Игі іс-шара барысында 65 көпбалалы, отбасында айрықша науқас балалары бар мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. 

Сауапты іске атсалысқан кәсіпкер азаматтарға ұйымдастырушы дін қызметкерлері мен қала тұрғындары алғысын білдірді.