Печать
Просмотров: 165

ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қорының" Түркістан облыстық өкілдігі бөлімінің ұйытқы болуымен Бәйдібек аудандық зекет қайырымдылық бөлімі және Боралдай ауылы "Әзімбай қажы Жорабай" мешітінің ұжымының ұйымдастыруымен Боралдайлық кәсіпкерлердің зекеті
Зекет алуға лайықты 18 отбасыға азық-түліктей, 2 отбасыға қойдың зекетін иелендірді.

"Боралдай ауылында кәсіпкерлер зекет парызын орындауда белсенділігі зор. Зекет тарату шаралары көптеп ұйымдастырылып отырады. Жоғары оқу орындарында қәбілеті жетіп, оқу шығындарына мүмкіндігі келмейтін жастарға зекет парыздарын өтеу арқылы қолдап келеді"- дейді аудандық бөлім меңгерушісі Мурат Ташкенбайұлы.

Боралдай ауылының тұрғындарына, зекет өтеушілерге, ауыл имамы Байқадам Жүзімбаевқа аудан Бас имамы Еркін Тұрғынұлы алғыс білдіреді. Ауданымыздың әл-ауқаты артуына, экономиканың өсуіне зекет парызын орындауымен зор үлесі бар. Зекетті шын мәнінде шариғат бекіткен тиесілі жандар ғана иелену керек. Қайырымдылық мәдениеті бар. Соны жүзеге асыру үшін, жергілікті мешіт мамандарымен кеңесіп зекетімізді орындауда жауапкершілікпен әдемі жасау керек.
Әсіресе зекет малдары жергілікті жерге ғана үлестіру керек. Ауылда лайықты адам болмаған болса ғана шариғат рұқсат береді. Садақада шектеу, мерзім, белгілі байлығы мөлшері деген жоқ. Қалаған кісіге және уақытта жасай беруге болады. Ал зекетте мәдениет бар. Өз ауылыңнан бастауды талап етіледі.
Өйткені зекетіңіз малыңыздың кірін тазартады. Өсіп көбейеді және берекеленуіне себеп болатын амалдан.

Ауданымызда зекет парызын өтейтін жандарымыз көбейе берсін. Зекет өтеушілердің кәсіптеріне мал дүниесіне, береке берсін.
Жаратушы Иеміз ниеттерін зекет және садақаларын қабыл етсін!

 

Түркістан облыстық өкілідігінің зекет және қайырымдылық бөлімінің баспасөз қызметі.