Печать
Просмотров: 141

Облыстық орталық "Қожа Ахмет Яссауи" мешітінде Түркістан қаласы Яссы мөлтек ауданы жомарт азаматтарының демеушілігімен қайрымдылық шарасы өтті. Шарада аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді. Отбасылар Түркістан қаласындағы 6 мөлтек аудандардың мамандарының ұсынысымен жинақталды. Адамдарға қуаныш сыйлау үлкен іс болып табылады. Бұл адам бойындағы ішкі мейірімділігінің үлкен көріністегі үлгісі.

Игі шараға қатысқан
қала Бас имамы Мұхамеджан Ергешбайұлы
Дана халқымыз "Қайырымдылық - қәдірлі іс" дегеніндей қайырымды жандардың игі істеріне алғыс білдірді.

Отбасыларға қуаныш сыйлаған Түркістан қаласы Яссы мөлтек ауданының азаматтарына Алланың нұры жауып, сауап мол болсын. Отбасыларымен кәсіптері берекелене берсін.

Түркістан облыстық өкілдігі, Түркістан қалалық зекет және қайырымдылық бөлімінің баспасөз қызметі.