Печать
Просмотров: 133

Түркістан облыстық өкілдігінің ұйытқы болуымен зекет және қайырымдылық бағытында аудандардағы имамдар жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен қайырымдылық шаралар ұйымдастырылуда.

Келес ауданында "Халық қажы" мешітінің имамы Нұрбек Момбеков 7 отбасыға азық- түлік жеткізді.
Аудандық мешітінің жылуы көпбалалы отбасыға 2 тонна көмірді аудан наиб имамы Жеңіс Жарыбаев ұйымдастырып жеткізіп берді.
Достық ауылы "Достық" мешітінің имамы Ораз Махатов жомарт жандардың қайырымдылық аманатын тиісті отбасыға үлестірді.

Созақ ауданы Таукент кенті "Іңкәй" бірлескен кәсіпорын ұжымының демеушілігімен 3 отбасыға 2 тоннадан 6 тонна және азық- түлкітерін дін қызметкерлері үлестірді.
Созақ ауылының имамдары 4 отбасыға көмір, 10 отбасыға азық- түлік себеттерін апарып берді.
"Жомарт бол, жұртқа жақсылық жасағаннан жалықпа" дегеніндей жомарт жандарға және ұйымдастырып жүрген барша имамдары мен ерікті жастарға аудан бас имамдары Мейрамбек Әбдіқұлов, Айдар Садықов алғыс білдіреді.
Отбасыларына кәсіптеріне береке берсін.

 

Түркістан облыстық өкілдігі "Зекет және қайырымдылық" бөлімінің баспасөз қызметі