Печать
Просмотров: 91

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешіті және жергілікті «Зекет және қайырымдылық» қорының мұрындық болуымен «Берекелі Тайқазан» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Ізгі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, ҚМДБ-ға қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының жергілікті өкілі Қаби Ринат және дін қызметкерлері қатысты.

Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған 100 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.