Печать
Просмотров: 1293

Ел ішінде киім-кешекке де мұқтаж жандар бар. Əсіресе қысқа жібі күрмеуге келмейтін көп балалы отбасыларға қиын. Бала өскен сайын, əр маусымда киім ауыстыру керек болады.

Қазір облыста “Зекет” қоры өкілдігінің ұйымдастыруымен “Бақытты балалық шақ” акциясы өтіп жатыр. Қайырымдылыққа қаржылай да, заттай да үлес қосушылар аудандық мешіттерге жеткізіп берулеріне болады.

Осындай игілікті істің бірі Сайрам ауданында жалғасын тапты. Манкент ауылдық округіне қарасты Ақдала ауылдық мектебінде оқитын он оқушыға сұранысына қарай киім-кешек берілді.

Олар мектептің тұрмысы төмен отбасылар тізімінде тіркеуде тұрады. Балаларға сыйлықты “Саид Əли” мешітінің имамы жеткізді.