Печать
Просмотров: 1352

“Бақытты балалық шақ” акциясы аясында тұрмысы төмен отбасы балаларына базарлық беріліп жатыр. “Зекет” қорының Сайрам ауданындағы өкілі Азизжан Жаликуловтың ұйымдастыруымен қайырымдылық жасалды.

Төрт отбасыға нəзір құрбандық еті, азық-түлік пен түрлі тəттілер үлестірілді. Балалар базарлыққа қуанып қалды.

Қамқорлыққа қолы жеткен аналары жақсылығын аямаған жамағатқа алғыстарын айтты. “Қуанғысы келген жан өзгені қуантсын” деген қанатты сөзді жадымызда сақтайық.