Печать
Просмотров: 82

Жомарт жандардың себепкерлігімен Іле ауданына қарасты «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігіндегі мүмкіндігі шектеулі адамдарға Өтеген батыр кентінде «Шарапатты рамазан» ауызашары ұйымдастырылды.

Алпыс адам қатысқан рухани дастарқанда Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы сөз сөйлеп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. «Зекет
қайырымдылық» қорының өңірдегі өкілі Қаби Ринат Алматы обысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ыстық сәлемін жеткізіп, мейірім айы жайында уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ Іле ауданына танымал тұлғалар қатысып, ізгі дұға-тілектерін айтты.

Арнайы Іле имамдарының атынан 60 жанға «Рамазан сыйлығы» табысталды. Соңында «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Байзакова К. өз ризашылығын білдіріп алғыс хатымен марапаттады.