Печать
Просмотров: 81

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Өскемен өңіріндегі өкілдігі «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында қайырымдылық шарасын өткізді.

Бұл сауапты бастаманы өңірге қарасты аудан, қала мешіттері барынша қолдап, қайырымдылық іс-шарасын кең көлемде ұйымдастырды.

«Қасиетті Рамазан айында: 1500-ден астам отбасы нақты көмекке ие болды. «Берекелі Рамазан» қайырымдылық керуені аясында отбасыларға азық түлік таратылды. Дініміз Исламда мұқтаждарға көмек көрсету аса сауапты амал делінген. Аз қамтылған отбасыларды қолдау бағытында оларға аймақ мешіттері мүмкіндігінше көмек көрсетіп отыр» дейді «Зекет және қайырымдылық қорының» өңірдегі өкілі Берік Кәдірұлы. Ол қайырымдылық шарасының жүйелі түрде жалғасатындығын жеткізді.

Сонымен қатар мұқтаж отбасыларға азық-түлік қораптарын таратуға жергілікті ерікті жастар, дін қызметкерлерімен шәкірттер белсенді көмек көрсетті. Көмекке ие болған отбасылар «Зекет және қайырымдылық қорына» алғысын білдірді.