Печать
Просмотров: 103

Алматы облысы Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлының ұйымдастыруымен және жомарт жандардың демеушілігімен Рамазан айы қарсаңында «Қолдан қолға» қайырымдылық акциясы өткізілді.

Сөз басында аудан бас имамы «Рамазан – мейірім айы, зекет айы», Рамазанда сауаптар еселенетіні жайында айтып өтті.

Акция бойынша жалғыз басты, көпбалалы, жалдамалы пәтерде тұратын және науқас адамдар қамтылды. Осылайша жиырма  отбасыға 50 000 теңгеден жалпы көлемі 1 000 000 теңге ақшалай көмек берілді.