Печать
Просмотров: 121

Ораза айт мерекесінің қарсаңында «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы облысындағы өкілдігі және Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешіті дін қызметкерлерінің мұрындық болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Ізгі шараға «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы облысы бойынша өкілі Ринат Маратұлы, Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы бастаған жергілікті дін қызметкерлері қатысып, Бақанас ауылында тұратын 150 отбасыға азық-түлік себеттерін таратты. 

Ринат Маратұлы жиналған қауымға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ыстық сәлемін жеткізсе, Нұрдәулет Тоқанұлы көпшілікті келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтап, осы игі шараға қолдау білдірген жомарт жандарға алғыс білдірді.