Печать
Просмотров: 93

Тараз қаласында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Ержан Аманбаев кәсіпкерлермен келіссөз жүргізіп, алтын алқа иесі, көпбалалы ана Эльмира Кемеловаға екі бөлмелі үй табыстады.

Жанашыр бауырларымыздың және халықтың атсалысуымен қомақты қаражат жиналған болатын. Өмір бойы үйсіз келе жатқан осы отбасы ағаларымызға алғысын білдіріп, көз жасына ерік берді. Облыстың зекет бойынша жауапты өкілі Ержан Аманбаев үйдің кілтін табыстап, сөз сөйлеп, алғысын білдірді.

Баспана қасиетті Рамазан айының ішіндегі мың айданда қайырлы қадір түнінің алдында табысталды. Рамазан айы өзге айларға қарағанда – сауаптар еселеніп жазылатын игілікке толы ай. Осы айда жасалған игі амалдарымызды Алла қабыл етіп, мол сауаптан жазсын.