Печать
Просмотров: 183

ҚМДБ Түркістан облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен форумға «Зекет және қайырымдылық» қорымен игі істерге мұрындық болуға ниетті еріктілер бас қосты. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев, Астана қаласы филиалының директоры Әли Әзімбекұлы мен Түркістан облысының бас имамы Ержан қажы Сматұлы және өңіріміздегі жауапты өкіл Еркін Полатов тарапынан кеңінен баяндама жасалды. Форумда Мақсатбек Қайырғалиев еріктілердің қоғамдық құрылымы, қойылатын талаптар, негізгі міндеттері мен қызметтері, құқықтары, өңір бойынша еріктілер топтарының құрылымы жайына кеңінен тоқталды. «Зекет және қайырымдылық» қорының бір жылдық атқарылған жұмыс барысымен таныстырып, еріктілерді алдағы уақыттағы жоспарға жұмыла кірісуге шақырды.