Печать
Просмотров: 1053

Сыйлық сыйлау – адамдарды қуантатын сүннет амал. Алла разылығы үшін тек мерекеде емес, жай күндері де мүмкіндікке қарай қуаныш сыйлаған сауапты іс.

“Зекет” корпоративтік қоры Түркістан облыстық өкілдігінің “Аналарымызды ардақтайық” акциясының аясында Қазығұрт ауданында көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет көрсетілді.

Қазығұрт ауылы “Молалы” мешітінде қайырымдылық ұйымдастырылды. Аудандық зекет бөлімінің жетекшісі Бағлан Есболов және мешіт имамы Мырзағали Исхақов жомарт жамағаттың аналарға әзірленген қаржылай көмегін үлестірді.

Наурыз мейрамында құрметтелген аналарымыз алғыстарын айтып, баталарын берді. Сіз анаңызға не сыйладыңыз?

Зекет өтеп, садақа ету арқылы қайырлы іспен өзгелерді де қуантайық! “Аналарды ардақтайық” қайырымдылық жобасына үлес қосуға шақырамыз.