Печать
Просмотров: 740

Мешіттер мен медреселерде арнайы қайырымдылық жəрмеңкелері ұйымдастырылып тұрады. Саудадан түскен қаражат тұрмысы төмен отбасылардың мұқтаждықтарына жұмсалады.

Мереке күндері Түркістан қаласындағы төрт мешітте осындай жəрмеңке өтті. Жұма намазына жиылған жамағат Алла Тағаланың ризашылығы үшін ұнаған заттарды сатып алды.

Шапағатты шараны “Зекет” қорының Түркістан облыстық өкілдігі ұйымдастырды. Түркістан қаласы жауапты жетекші Ғалымжан Аташев халықты қайырымдылық акциялары мен жəрмеңкелерінен шет қалмауға шақырады.