ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қоры, Байқоңыр қалалық “Жәрімбет” мешітінің ұйымдастыруымен “Жылу сыйла” қайырымдылық акциясы өтті.
Игі шараға Байқоңыр қаласының бас имамы Ислам Маратұлы қатысып, жергілікті тұрмысы төмен отбасыларға 40 - қап көмір жеткізіліп, түсіріліп берілді.
Сонымен қатар қыстың көзі қырауда жүректерге жылу сыйлаған қайырымдылық шарасына қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға мешіт қызметкерлері алғыс білдіреді. Алла ниеттеріңізді қабыл еткей!
Байқоңыр қалалық “Жәрімбет” мешітінің баспасөз қызметі
View the embedded image gallery online at:
https://zeket.online/8-ourworks/871-zh-rimbet-meshiti-zhylu-syjlady.html?print=1&tmpl=component#sigProIde6f44d370c
https://zeket.online/8-ourworks/871-zh-rimbet-meshiti-zhylu-syjlady.html?print=1&tmpl=component#sigProIde6f44d370c