Печать
Просмотров: 35

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өңірлерде қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мақсатында «Рамазанда бір тал ек» акциясы басталған болатын. Осыған орай Алматы облысы Талғар ауданында ағаштар отырғызылды.

Талғар ауданындағы саябақта жүзеге асқан шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлы, Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы және дін қызметкерлері қатысып, жеміс ағаштарын отырғызды.