Печать
Просмотров: 46

Қасиетті Рамазан айының құрметіне ҚМДБ-ның Алматы облысы өкілдігіне қарасты Талғар қалалық «Биеке батыр» мешітінде ауқымды қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

«Рамазан қоржыны» атты ізгі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлы, Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы және дін қызметкерлері қатысты.

Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.