Печать
Просмотров: 2527

Қасиетті айларда жасаған жақсылық, қылған қайырымдылық, атқарған амалдардың бәрінің сауабы еселене түседі. Шапағаты мол Шағбан айы да сырғып өтіп барады. Жақсылықта жарысуға асығу – жомарттықтың сипаты.

“Зекет” қорының Отырар аудандық бөлімінің жетекшісі Мақсат Ергубеевтің ұйымдастыруымен игі іске демеушілер жұмылды. Нәтижесінде ас-ауқатсыз отырған бірнеше отбасыға азық-түлік жеткізілді. Бір малдың еті де қоса үлестірілді.

Шарапатты шаралардан шет қалмай, Шағбан айының шапағатына бөленейік. Зекет пен садақа беріп сауап жиып қана қоймай, екі дүниенің жақсылығына жетейік.