Печать
Просмотров: 945

Бүгін,15-сәуірде, шарапаты мол Шағбан айында ҚМДБ "Зекет" қорының Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы "Саванна" мейрамханасы зекет ретінде 40 жанұяға азық-түлік үлестірді. Аталмыш зекет тарату шарасы Талдықорған орталық "Иман" мешітінің алдында өткізілді. Осылайша, Алланың нығметіне бөленген кәсіпкер әпкеміз зекетін беруі арқылы мойнындағы парызын, мұқтаж жандардың хақысын өтеумен қатар, "Зекет" қорының дамуына үлес қосты!