ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры игі істің жарқын үлгісін көрсетті. Қор Астана қаласындағы «Астана» медресесінің қыздар бөлімінде және Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы құран жаттау орталығында білім алып жатқан шәкірттерге 70 жаңа аяқ киімді қайырымдылық көмек ретінде сыйға тартты.
Қайырымдылық шарасы шәкірттердің күнделікті тұрмысына қолдау көрсетіп, олардың оқу жолындағы ынтасын арттыруды мақсат етеді. Қор тарапынан көрсетілген бұл қолдау жас буынға қамқорлық пен мейірімділік танытудың нақты мысалы болды.
Іс-шара барысында шәкірттер мен ұстаздар ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорына алғыс айтып, ел болашағы үшін осындай игі амалдардың жалғаса беруіне тілектестік білдірді.
“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том