Зекет сөзінің тілдік мағынасы: «тазару», «өсу», «көбею». Ал, шариғаттағы мағынасы: «Мұсылман адам Алла Тағаланың разылығы үшін нисапқа жеткен мал-мүлкінің белгілі мөлшерін шығарып, оны шариғат белгілеген адамдарға иелендіру». Яғни арнайы адамдарға берілетін міндетті садақа.
Нисап сөзінің тілдік мағынасы – «мөлшер». Ал,шариғаттағы мағынасы: «Зекетті парыз ететін белгілі байлықтың ең аз мөлшері». Ол байлықтың түріне қарай әртүрлі болады. Мысалы, 85 грамм алтын, бес түйе, отыз қара мал, қырық қой, т.с.с. Ақша немесе сауда тауарларының нисап мөлшерін анықтайтын кезде, алтын немесе күмістің нисабы негізге алынады.
Шариғат бойынша күнделікті тұрмыстақолданылатын негізгі қажеттілігі мен қарызынан тыс, нисап көлеміне жететін байлығы бар, балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылман үшін жылына бір рет зекет беру – парыз айн.
Алла Тағала Құран Кәрімде Тәубе сүресінің 60-аятында зекет берілетін адамдарды айтып өткен: «Шын мәнінде садақалар (зекеттер) кедейлерге, міскіндерге, зекет жинаушыларға, жаңа мұсылмандарға, құлдарға, борыштыларға, Алла жолында жүргендерге, жолаушыға беріледі».Демек зекет сегіз түрлі адамға беріледі. Олар: Кедей-кепшіктер. Міскіндер. Зекет жинауға көмектесушілер. Дінге жаңадан кірушілер. Өз бостандығы үшін жүрген құлдар. Қарызға батқандар. Алла жолында жүргендер. Пақыр жолаушылар.
Зекет төмендегі топтағы адамдарға берілмейді: 1. Басқа дін өкілдеріне (яғни мұсылман емес адамдарға).2. Һәшим әулетінің ұрпақтарына (оларға Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туыс Аббастың, Әлидің, Ақилдың, Жағфардың және Харистың әулеттері кіреді).3. Байларға және байлардың балаларына. 4. Әке-шешесіне, ата-әжесіне. 5. Ұрпақтарына(балаларына, немерелеріне). 6. Ерлі-зайыптылар бір-біріне бере алмайды.
Зекет берілетін мал-мүлік түрлері: 1. Жайылымдағы малдар (түйе, сиыр мен қодас, қой мен ешкі, жылқы). 2. Алтын мен күміс, сауда тауарлары және құнды қағаздар. 3. Егістік және бау-бақша өнімдері, 4. Қазба байлықтары.
Ай күнтізбесі бойынша нисап мөлшеріне жеткен байлық адамның иелігінде бір жыл тұруы керек. Зекеті берілетін байлықтың жыл басы мен жыл соңында нисабы толық болуы шарт. Бір жыл айналғаннан соң, ол адам зекетті міндетті түрде шығарады.
Мұсылман адам нисапқа толмаған мал-дүниесінен, тұрған үйінен, киім-кешегінен, үй жиһаздарынан, мінетін көлігінен және пайдаланатын құрал-саймандарынан зекет беруі парыз емес. Өйткені бұлар адамның негізгі қажеттілігі болып саналады әрі өспейтін мүлікке жатады.
Адам баласы үшін баспаналы болу негізгі қажеттіліктің бірі. Осы мақсатқа жету үшін бірнеше жыл бойы нисаб мөлшерінде қаржы жинаса, сол қаржыдан зекет беріле ме, берілмей ме деген мәселеге қатысты ханафи мәзһабында екі ұдай пікір бар. Ибн Мәлак сынды ғалымдар баспана негізгі қажеттілік болғандықтан баспана алу үшін жинаған қаржыдан зекет берілмейді деген. «Кімде-кім бірнеше дирхамын негізгі қажеттіліктеріне жұмсаймын деген ниетпен ұстап отырса, бір жыл өтсе де, одан зекет берілмейді» деп үкім берген. Ал ханафи мәзһабының «әл-Мағариж», «әл-Бадайығ» атты кітаптарында: «Көбейту немесе нәпақасына жұмсау мақсатында ұстап отырған ақшасынан зекет беріледі» делінген. Сол секілді «әс-Сираж» бен «Әт-Татархани»: атты кітапта: «Сауда немесе басқа ниеті болса да» зекет беріледі делінген.
Ханафи мәзһабының танымал кітабы «Радду әл-Мухтарда» мәселеге қатысты: «Егер ақшаны өзіне қажетті нәрсеге жұмсау үшін сақтаса әрі бір жыл өткеннен кейін қажетіне жаратқан қаражатынан қалған бөлігі нисапқа жетсе, одан зекет беріледі. Тіпті келешекте жаратамын деген мақсатпен сақтап қойған болса да, бір жыл айналған кезде негізгі қажеттілігіне жұмсалмағаны үшін зекетін береді», - деген.
Сауда тауарларына сатуға арналған әрі сату мақсатында сатып алынған барлық заттар, жылжымайтын мүліктер, төрт түлік мал, киім-кешек, т.б жатады. Тауар құны алтын мен күмістің нисабына жетіп, тауарға бір жыл айналумен, жалпы сома есептеліп, 2,5 пайызы зекет ретінде шығарылады.
Зекеттің түпкі мақсаты – мұқтаж жандардың қажеттілігін өтеу. Өйткені, «зекет – мұқтаж жанның қажетін өтейтін ғибадат». Сондықтан зекетті мал-мүліктің өзінен береді немесе оның құнын (ақшалай) төлейді. Барлық ханафи мазһабының кітаптарында: «Зекет, каффарат, ғұшыр және нәзірді ақшалай өтеуге болады», деген үкім бар. Солсебептісаудазаттарыныңзекетінақшалай да, заттай да беругеболады. Бірақберілгензекетмұқтаждыңқажетінөтеуітиіс. Егермұқтажадамзекеткеберілгензаттыпайдасынажаратаалмайтынболса, ондаақшалайберіледі.
Имам Әбу Ханифаның (Алла оны рақым етсін) пікірі бойынша түйе, сиыр, қой, ешкі секілді жылқы малынан да зекет беріледі. Жылқылар тек байтал немесе айғыр-байтал аралас болуы және оларды қосып бағасын есептегенде, құны нисап мөлшеріне жетуі шарт. Сосын жылқылардың бағасы ақшалай есептеліп, оның 2,5%-ы (1/40) зекетке бөлінеді.
Жылқы бірыңғай еркек болса, сондай-ақ мініске, жұмысқа және күн көріске пайдаланылса және жылдың көп мезгілінде үйде жем-шөппенбағылатын болса одан зекет берілмейді. Сату мақсатында бағылатын жылқының зекеті сауда заттары ретінде есептеледі.
Ханафи мәзһабында әйел адамның алтын-күміс әшекейлерінен, сондай-ақ алтын-күміс ыдыс-аяқтан зекет беріледі. Өйткені алтын мен күміс жаратылысынан өсіп тұратын мал-мүлікке жатады. Демек, әйелдер өздерінің алтын-күміс әшекейлерін басқа дәулетіне қосып, зекетті есептеп шығарады.
Жарты жылдан көп уақытта жайлауда өсіретін қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы секілді үй жануарларынан зекет беріледі.
Қой мен ешкінің шариғат бекіткен нисабы – 40 тұяқ. Егер қырықтан саны аз болса одан зекет шығару парыз емес.
40-120 аралығында 1 қой;
121-200 аралығында 2 қой;
201-399 аралығында 3 қой;
400-499 аралығында 4 қой беріледі;
Кейін әр жүзден 1 қой беріп отырады. Яғни 500-де 5 қой, 600-де 6 қой шығарылады. Қой мен ешкі аралас болса бірге саналады.
Қарамалдыңшариғат бекіткен нисабы – 30 бас. Егерқарамалдың саны 30-дан аз болса, зекет беру міндетті емес.
30-39 аралығындабір жасар 1 тана;
40-59 аралығында екі жасар 1 тана;
60-69 аралығында бір жасар 2 тана;
70-79 аралығында бір жасар 1 тана және екі жасар 1 тана;
80-89 аралығында екі жасар 2 тана;
90-99 аралығында бір жасар 3 тана;
100-109 аралығында бір жасар 2 тана және екі жасар 1 тана;
110-119 аралығында бір жасар 1 тана және екі жасар 2 тана;
120-129 аралығында бір жасар 4 тана немесе екі жасар 3 тана.
40-тан артып, 60-қа жеткенше екі жасар 1 танадан бөлек ешнәрсе берілмейді. Онан соң есеп әр он сиырда өзгеріп отырады. Сиыр, өгіз, тана, бұзау – бәрі бірге есептеледі. Зекетке берілетін тананың еркек не ұрғашыболуына қаралмайды.
Түйенің шариғат бекіткен нисабы – 5 бас. Егертүйенің саныбесеуден аз болсазекет беру парыземес.
5-9 аралығында1 қой;
10-14 аралығында2 қой;
15-19 аралығында3 қой;
20-24 аралығында4 қой;
25-35 аралығындабір жастан асқан бұзбаша (бинт мәхад);
36-45аралығында екі жастан асқан құнанша (бинт ләбун);
46-60 аралығында үш жастан асқан інген (хиққа);
61-75 аралығында төрт жастан асқан інген (жәзаға);
76-90 аралығындаекі жастан асқан 2 құнанша (бинт ләбун);
91-120 аралығындаүш жастан асқан 2 інген (хиққа).
Әрі қарай әр беске 1 қой, ал әр 46 мен 50 түйеде үстіне үш жастан асқан бір інген қосып беріп отырады.
Түйенің зекетінде берілетін мал ұрғашы болуы шарт. Ал, сиыр мен қой-ешкіден еркегін де, ұрғашысын да беруге болады.Алайдаүй жануарларының зекетінде кедей адамға ұрғашы малды берген абзал. Өйткені кедей адам ұрғашы малдың сүтін пайдаланады әрі оны бағып, көбейтуіне мүмкіндігі бар.
Ханафи мәзһабында зекетке тиісті төрт түлік малдың орнына олардың құнын беруге де болады. Зекетке берілетін малдың құны зекет берілетін күннің нарықтағы бағасына қарап беріледі.
Нисаб мөлшеріне толған алтын мен күмістің қандай түрі болсын, қолданса да, қолданбаса да зекет мөлшеріне жетсе зекеті шығарылуы тиіс. Алтынның нисабы 20 динар. 1 динардың салмағы шамамен - 4,25грамм, ал 20 динар шамамен 85 грамм болады. Күмістің нисабы 200 дирхам.1 дирхам шамамен - 2,975 грамм, ал 200 дирхамымыз шамамен 595 грамм болады.Егер бір адамда 85 грамм алтын немесе 595 грамм күміс болса және ай күнтізбесімен есептегенде бір жыл өткен болса ол оның 2,5 пайызын зекет ретінде шығарады.
Зекет қаражатын өлікке кебін алуға, мешіт, мектеп, көпір, жол салуға жұмсауға болмайды. Зекетін осы мақсатқа жұмсаған болса қайтадан зекет береді. Өйткені зекет белгілі бір адамның иелігіне тапсырылуы керек. Ал, аталған кебін, мектеп, мешіт сияқты істерде жеке кісінің иелігіне өткізу шарты орындалмайды.
Зекетті ең алдымен:
1. Аға-інілері мен әпке-қарындастарына;
2. Олардың балаларына;
3. Әке жағынан ағалары мен апаларына;
4. Олардың балаларына;
5. Нағашылары мен нағашы апаларына;
6. Олардың балаларына;
7. Ағайындарына;
8. Көршілеріне;
9. Бірге жұмыс істейтіндерге;
10. Бір ауылда не қалада тұратындарға берген жақсырақ.
Бір адамның екі үйі болып, бірінде тұрып екіншісінде тұрмаса және оны сатуды ниет етпеген болса, екеуінен де зекет бермейді. Сондай-ақ жер телімдер, ғимараттар, құрылыс нысандары жəне өзге де жылжитын және жылжымайтын мүліктер ешқандай табыс көзі ретінде пайдаланылмаса, зекеті берілмейді.
Егер қарызы бүкіл мал-мүлкінің мөлшеріндей көп болса зекет бермейді. Ал егер қарызы аз болып, сол қарызын шегеріп тастағанда қалған мал-мүлкі зекет беретін мөлшерге жетсе зекет шығарады.