Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры ел игілігі жолындағы қайырымдылық шараларын жалғастыруда. Нақты айтқанда, Қор өкілдері «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігіне арнайы барып, қайырымдылық көмек көрсетті.
Шара аясында аталған ұйымға 70 қап ұн, 50 дана ұлттық киім және ҚМДБ-ның «Мүфтият» баспасынан жарық көрген діни кітаптар тарту етілді. Игі бастама – ел қорғаны болған ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Айта кетейік, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры республика көлемінде түрлі бағыттағы әлеуметтік, рухани және қайырымдылық жобаларды жүзеге асырып келеді.