ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қоры елордада тағылымды қайырымдылық шарасын өткізді. Қор өкілдері "Шұғыла" мүмкіндігі шектеулі қарттардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру қоғамдық бірлестігінің мүшелеріне ұлттық киімдер тарту етті.
Игі іске "Зекет және қайырымдылық" қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев арнайы қатысып, қарттарға құрмет білдірді. Ол шара барысында халқымыздың салт-дәстүрін ұлықтап, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің маңызын атап өтті.
– Бұл сыйлық – жай ғана киім емес, ата-бабамыздан жеткен рухани мұрамен қауышу мүмкіндігі. Біз қоғамның әлжуаз топтарын әрдайым назарда ұстаймыз, – деді Қор басшысы.


