Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы Семей қаласында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін "Жеңіс күнінің 80 жылдығымен" құттықтады. Сондай-ақ, "Зекет және қайырымдылық" қорының Абай облыстық филиалы атынан сый-сияпат жасады.
Айта кетейік, қазіргі таңда Семей қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан 104 жастағы соғыс ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдин және 99 жастағы соғыс ардагері, II дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталған Иван Шевцов есімді ардагерлер бар.



Асқар қажы Әбітайұлы ақсақалдарға ізгі тілегін жеткізіп, баталарын алды.