“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

ҚМДБ Құрбан айтқа дайындықты пысықтады

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 27 мая 2025
Просмотров: 88
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфтидің орынбасары, наиб мүфти Ермек Мұқатайдың төрағалығымен Құрбан айт мерекесіне дайындық барысына арналған арнайы жиын өтті.
 
Жиынға Қазақстан бойынша «Зекет» және «Уақып» қорының өкілдері қатысты.
 
Басқосуда ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев «QURBAN2025» онлайн платформасының әзірлігі туралы баяндады. Сонымен қатар, қасапханаларда Құрбан шалудың нақты алгоритмі бекітілгенін хабарлады. Сондай-ақ, Құрбан айт кезінде зекет өкілдеріне арналған арнайы жилеткалар мен ет салатын пакеттердің таратылғаны айтылды.
 
Наиб мүфти Ермек Мұқатай Құрбан айт кезінде құрбандық етін жинау мен таратуда ерекше мұқият болуға шақырды. Еттің санитарлық талаптарға сай таза сақталуын, бұзылып кетпеуін қадағалау маңызды екенін атап өтті. Ол сондай-ақ ет алуға келген азаматтарға жылы қабақ танытып, көмек көрсету — әрбір мұсылманның міндеті екенін еске салды.
 
«Хадисте айтылғандай, тазалық пен күлімсіреу — мұсылманның сипаты. Құрбан айт мейрамы – бүкіл мұсылман қауымы үшін ұлық мереке. Сондықтан оны лайықты түрде, сән-салтанатты әрі жарасымды етіп өткізуіміз керек», – деді Ермек Мұқатай.
 
Наиб мүфти қасапханалардың толық дайын болуын тапсырды. Ет таратылатын орындар, пышақ пен өзге құрал-жабдықтардың санитарлық талаптарға сай болуы, сондай-ақ су, жарық, желдеткіш, тоңазытқыштардың толық жұмыс істеуі – басты назарда болуы қажет екенін баса айтты.

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры