“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

Зекет – қоғамның рухани тірегі: Ақтөбеде маңызды кездесулер өтті

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 09 июля 2025
Просмотров: 35

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры, РАНТ мүшесі Мақсатбек Қайырғалиев Ақтөбе облысына арнайы жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында қор директоры Ақтөбе имамдарына арналған «Зекет — бес парыздың бірі» тақырыбында семинар өткізіп, зекеттің маңызы мен оның қоғамдағы рөлі жайында жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ, зекеттің мұсылманның рухани және әлеуметтік өміріндегі орны, оның берекесі мен сауабы туралы кеңінен баяндап, имамдардың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, Мақсатбек Қайырғалиев Ақтөбе облысының еріктілерімен кездесіп, «Еріктілердің исламдағы орны» атты тақырыпта ой бөлісті. Қордың атқарған жұмыстары мен алдағы жобалары таныстырылып, еріктілердің қайырымдылық шараларындағы маңызды рөлі атап өтілді. «Қайырымдылық жаршылары» еріктілер тобының қоғамдағы орны туралы да айтылып, еріктілер көкейдегі сұрақтарын қойды.

Жұмыс сапары барысында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жамағатқа «Пайғамбарларға иман келтіру» тақырыбында жұма уағызын айтты. Сонымен бірге, «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында Түркияда емделіп жатқан науқасқа 1 500 000 теңге көлемінде сертификат, «Жас маманды қолдау» акциясы шеңберінде Ақтөбе қаласындағы «Әс-Сәләм» мешітінің наиб имамына 350 000 теңге, «Нұр Мүбарак» университетінің студентіне 200 000 теңге және «Әл-Әзһар» университетінде оқып жатқан ақтөбелік шәкіртке 500 000 теңге шәкіртақы сертификаты табысталды.

Сапар аясында жаңадан тағайындалған Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әлимен бірге Сазды ауылындағы «Қайырқожа» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып, мешіт жанында салынып жатқан қызметтік баспананың құрылыс жұмысын көрді. Қор директоры баспана құрылысына қаржылай қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар, мешіттің ішкі және сыртқы тазалығын жақсарту және баспананы қыркүйек айына дейін аяқтау тапсырылды.

Бұл іс-шаралар Ақтөбе облысындағы зекет және қайырымдылық саласының дамуына тың серпін берді.

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры