Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры 1 қазан – Қарттар күніне орай республика көлемінде ардагерлерге құрмет көрсетіп, қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.
Астана қаласындағы қарттар үйінде өткен арнайы кездесуде Қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев әлеуметтік мекемеге тұрмысқа қажетті заттарды табыстап, қарияларға ізгі тілегін жеткізді. Бұл – аға буынға деген құрмет пен қамқорлықтың нақты көрінісі.
Сондай-ақ еліміздің барлық өңіріндегі өкілдіктер де қарттарға арнайы барып, азық-түлік себеттерін үлестіріп, қаржылай қолдау көрсетті. Ардагерлердің жағдайын біліп, ақ батасын алды.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры игі шаралар арқылы қарияларға қамқорлық танытып, қоғамды үлкендерді қадірлеуге, аға буынға құрметпен қарауға шақырады.
Қарияға құрмет — имани парыз, адамдық борыш.