Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы бойынша ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры «Ұшыр тарату» жобасы аясында Қызылорда және Жамбыл облыстарынан жиналған қайырымдылық көмегін қабылдады.
Жоба аясында жиналған азық-түлік өнімдерін елордадағы бірқатар діни оқу орындарына жеткізілді. Атап айтқанда, көмек Астана медресе-колледжіне, Сығанақи ислам институтына, сондай-ақ Астана қаласындағы қыздар медресесіне таратылды.
Көмек шарасына ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев арнайы қатысып, өңірлерден келген 10 тонна азық-түлік көмегін оқу орындарының ұжымдарына табыстады.