“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

«7 НҮКТЕ» БРАЙЛЬ ОРТАЛЫҒЫНДА КӨРУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН ЖАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 19 декабря 2025
Просмотров: 23

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет және қайырымдылық» қоры жүзеге асырып жатқан жоба аясында Алматы облыстық орталық мешітіне қарасты «7 нүкте» Брайль орталығында көру қабілеті төмен жандармен кездесті.

Кездесу барысында Бас мүфти орталықтың қызметімен танысып, зағип жандарға арналған діни білім беру ісінің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ «7 нүкте» орталығында жүзеге асырылып жатқан оқу бағдарламалары, Браиль әдісімен Құран Кәрім мен Құран әліппесін оқыту барысы таныстырылды.

Іс-шара аясында Браиль нұсқасымен жарық көрген Құран Кәрім мен Құран әліппесінің танытымы өтіп, осы бағытта қызмет атқарып жүрген ұстаздарға біліктілігін арттыру курсын аяқтағандығы туралы сертификаттар табысталды. Аталған курсқа Қазақстанның бес өңірінен келген әйел ұстаздар қатысты. Сонымен қатар орталықтың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдірілді.

Шара аясында орталыққа Брайль қарпімен және 2D форматта басып шығаратын арнайы принтер табысталып, бұл құрал көру қабілеті төмен жандардың діни білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғаны атап өтілді.

Айта кетейік, Бас мүфти бастамасымен және «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен ашылған «7 нүкте» орталығы бүгінде көру қабілеті төмен жандар үшін рухани-білім беру бағытындағы маңызды жоба ретінде жүзеге асырылып келеді.

6b2405d5-6570-42cd-bb4c-77cd81121cbd.jpeg03ffbd13-e139-43c8-aa60-e6a252b53362.jpegb0855e8b-9197-4e5b-9b44-0961d6a85701.jpeg2fef4940-edbf-4d93-95dc-cdada22f4cdd.jpeg8bb39ccd-ef8f-4e08-a641-68f339b1577f.jpeg75974df1-3c71-47ec-a780-7ca5191d0a9f.jpeg832a136a-bbd5-4644-98c5-d222e55c4b01.jpegd9930710-181e-4a10-93a3-7dd5ab0886d9.jpeg2525bbaa-8249-411f-98b7-a734130652e2.jpeg33d4d34c-bcf2-47c0-a1d8-e1dcc60d53eb.jpeg133f06b7-4eca-4f58-84b4-e953777243d4.jpeg1ecc3b2f-e82f-4840-aa4a-8682cd873466.jpegc1bfedf9-6aeb-4c6d-8e69-585ec8beb8f5.jpege6bbfdc1-4ed2-43c5-b1a3-5b9d4d89a652.jpegd36104e0-7e30-4e9e-9b01-eb4934cf6931.jpegbcea85a1-f9ee-4120-9afb-0772685b2fc2.jpeg017b4258-5b0a-4222-9391-a7d0d6097f2f.jpeg

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры