Бүгін Алматы облысы, Қонаев қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы имамдарға арналған қызметтік тұрғын үй жобасымен танысты.
Аталған жоба ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жылғы "Зекет қайырымдылық қорының" «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасы аясында дін қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету» тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр. Жобаны Алматы облысының Бас имамы Мәдияр Пірімқұлов таныстырып, атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет берді.
Жоба шеңберінде салынған қызметтік тұрғын үй кешені төрт пәтерден тұрады. Әр пәтер үш бөлмелі болып, заманауи талаптарға сай салынған және қажетті тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Қазіргі таңда аталған пәтерлерге дін қызметкерлері қоныстанып, тұрып жатыр.






