Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде «Зекет» қайырымдылық қоры Астана қаласындағы Пригородный тұрғын алабында орналасқан «Zeket Hub Express» орталығында алғашқы ауызашар дастарқанын ұйымдастырды. Сонымен қатар мұқтаж және аз қамтылған отбасыларға «Рамазан қоржыны» таратылды.
Аталған тұрғын алапта негізінен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы жанұялар, қарттар мен жалғызбасты азаматтар тұрады. Қайырымдылық шарасы әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға қолдау көрсетіп, қасиетті айдың мейірімі мен берекесін бөлісу мақсатында өтті.
Қор өкілдерінің айтуынша, Рамазан айы бойы мұндай игі бастамалар жалғасып, елорданың өзге де аудандарындағы мұқтаж жандарға да көмек көрсетіледі.



