Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент орталық мешіті мен қалалық "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде өткізілді.
Шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов атынан найб имам Мұсабек Ақтамберді, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, іс басқарушы Әлжан Сәдиев, Жастар ісі секторының жетекшісі Әзімбек Қарабеков және басқа да азаматтар қатысты.
Қайырымдылық іс-шара барысында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі 70 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді. Бір отбасыға берілген көмектің құны 25 000 теңгені құрады (ұн, күріш, шәй, май, қант, томат, макарон өнімдері, сабын және т.б.).
Шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қолдау көрсеткен Кувейт қоры мен кәсіпкерлерге Алла разы болсын! Айта кетсек, шара бес орынға бөлініп ұйымдастырылды, ал кейбір азаматтарға мүмкіндігіне байланысты азық-түлік үйлеріне жеткізілді.




