Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің 200 студентіне ауызашар берілді.
Игі шара барысында жастарға рухани насихат айтылып, бірлік пен бауырмалдық, ізгілік пен имандылықтың маңызы кеңінен дәріптелді. Сонымен қатар ауызашар дастарханында дін мен дәстүр төңірегінде тағылымды ой қозғалып, студенттерге қызықты сұрақтар қойылды. Тұшымды жауап беріп, белсенділік танытқан жастарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дайындалған сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетейік, бұл тағылымды дәстүр алдағы уақытта да өз жалғасын табады.








