“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

Қарағанды облысының қайырымдылық мамандары жиналысында цифрлық жүйе мәселесі талқыланды

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 26 февраля 2026
Просмотров: 12

Қарағанды облысы бойынша өкілдіктің ұйымдастыруымен Қарағанды қаласындағы «Әнет баба» мешіті базасында «Қайырымдылық жұмыстарды үйлестірудің заманауи қағидаттары» атты семинар өтті. Іс-шараға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры директоры Мақсатбек Қайырғалиев арнайы қатысып, қордың алдағы бағыт-бағдарын таныстырды.

Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай қажы Айтуғанұлы бастаған қайырымдылыққа жауапты имамдар, есепшілер, еріктілер және сала мамандары қатысты.

Семинар барысында қор директоры қайырымдылық көмекті тиімді үйлестіру, ашықтық пен есептілікті арттыру, мұқтаж жандарға қолдауды жүйелі түрде жеткізу тетіктеріне кеңінен тоқталды. Әсіресе, барлық өңірлік есептілікті бастапқы құжаттар негізінде рәсімдеу, деректерді орталық базаға уақтылы жолдау және процесті жүйелі бақылау қажеттігі атап өтілді.

Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, заманауи тәсілдерді енгізудің маңыздылығын сөз етті. Семинар аясында «ZEKET HUB» жобасы таныстырылып, қазіргі таңда қолға алынып жатқан цифрлық бастамалар жөнінде ақпарат берілді. Бұл жоба қайырымдылық қызметін бір орталықтан үйлестіріп, мұқтаж азаматтардың ортақ цифрлық базасын қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, қордың өзге де әлеуметтік жобалары таныстырылып, оларды қалалық, аудандық және ауылдық деңгейде іске асыру жолдары түсіндірілді.

Аталған шаралар қайырымдылық саласын жүйелеу, ашықтықты арттыру және өңір тұрғындарына көрсетілетін көмектің тиімділігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры