“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

БАС МҮФТИ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫН РАМАЗАН АЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 11 марта 2026
Просмотров: 12

Қасиетті Рамазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен "Зекет және қайырымдылық" қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлымен елордадағы көпбалалы отбасының шаңырағына арнайы барып, мүбәрак аймен құттықтады.

Жүздесу барысында Бас мүфти отбасы мүшелерімен сұхбаттасып, қасиетті Рамазан айының рухани мәні мен тағылымына тоқталды.

Айта кетейік, отбасындағы 10 жастағы Аяулым каратэ спортымен тұрақты түрде айналысады. Бір жыл ішінде түрлі жарыстарға қатысып, халықаралық деңгейдегі додаларда жүлделі орындарға ие болып үлгерген. Бас мүфти жас спортшының талпынысына ризашылығын білдіріп, білім мен спортты қатар алып жүруге тілектестік білдірді.

Іс-шара аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан аталған отбасыға «Рамазан сыйы» ретінде 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай көмек табысталды.

Сондай-ақ, Бас мүфти отбасы мүшелерімен бірге ауыз ашып, ел амандығы мен жұрт тыныштығын тілеп дұға жасап, ақ батасын берді.

Кездесу соңында отбасы иелері көрсетілген қолдау мен ықылас үшін алғыстарын білдірді.






Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры