Шымкент қаласында «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиевтің қатысуымен мұқтаж жандарға Рамазан сыйы үлестірілді.
Игі шараның басты мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету, қасиетті айда қайырымдылық мәдениетін насихаттау және қоғамдағы жанашырлықты арттыру.
Шара барысында мұқтаж отбасыларға арнайы дайындалған азық-түлік себеттері табысталып, оларға рухани әрі материалдық қолдау көрсетілді.
Рамазан – мейірім мен қайырымдылық айы. Осындай игі бастамалар қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтып, адамдарды жақсылық жасауға үндейтіні сөзсіз.




