Бурабай өңірінде «Бурабай–2026» спорттық бағдарлаудан халықаралық турнирі өтуде. Дүбірлі додаға Астана қаласының сурдоспортшылары да қатысып, ел намысын қорғауда.
Аталған жарысқа спортшылардың келуіне «Зекет қоры» «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында толық қолдау білдірді. Қор тарапынан көрсетілген көмек олардың халықаралық деңгейдегі бәсекеде бақ сынауына мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта қатысушылар жоғары дайындықтарын көрсетіп, тартысты сын барысында шеберліктерін дәлелдеуде.
Жарыс ұйымдастырушылары инклюзивті спортты дамытуға және мүмкіндігі шектеулі спортшыларға қолдау білдіргені үшін «Зекет қорына» алғыстарын жеткізді.
Айта кетейік, аталған турнир спорттық бағдарлауды дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және ерекше қажеттілігі бар спортшылардың әлеуетін арттыруға бағытталған.








