“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

«QURBAN 2026» ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ҚМДБ 66 905 ОТБАСЫҒА ҚҰРБАНДЫҚ ЕТІН ТАРАТТЫ

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 02 июня 2026
Просмотров: 15

Осы жылдың 27-29 мамыр аралығында елімізде Құрбан айт мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Qurban 2026» республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен құрылған арнайы республикалық штаб құрбан шалу рәсімдерін жүйелі түрде үйлестіріп, бүкіл ел бойынша ауқымды қайырымдылық жұмыстарын атқарды.

Азаматтар құрбандық шалу үшін QURBAN.MUFTYAT.KZ сайты арқылы онлайн тапсырыс беріп, сонымен қатар жергілікті қасапханаларда офлайн түрде де құрбан шалуға мүмкіндік алды.

Құрбандық шалу барысында республика көлемінде жалпы саны 20 449 мал құрбандыққа шалынды. Атап айтқанда, 17 781 бас қой, 1 358 бас ешкі, 1 283 ірі қара және 27 түйе құрбандыққа шалынды. Құрбандық еттері арнайы қабылдау пункттеріне жиналып, дін қызметкерлері мен еріктілердің қатысуымен мұқтаж жандарға үлестірілді.

Қорыта айтсақ, еліміз бойынша Құрбан айт күндері QURBAN.MUFTYAT.KZ сайтына 1 799 тапсырыс берілді. Республика бойынша 809 адамнан құралған бірнеше штаб үздіксіз жұмыс атқарды.

Нәтижесінде 66 905 отбасыға құрбандық еті жеткізіліп берілді. Бұған қоса, арнайы сойылған малдың еттері еліміздегі 2019 әлеуметтік мекемеге – мүмкіндігі шектеулі жандар қорларына, зағиптар қоғамына, ауруханалар мен қарттар үйлеріне таратылды.














































Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры