Қазақстандық жас пианист Абылай Мұстафин халықаралық өнер додаларында ел намысын абыроймен қорғап, әлемдік деңгейдегі байқауларда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Бұған дейін Германия мен Ұлыбританияда өткен беделді конкурстарда өнер көрсеткен дарынды музыкант алдағы уақытта Ұлыбританияда өтетін кезекті халықаралық жарысқа қатыспақ.
Жас өнерпаздың шығармашылық жолына қолдау көрсету мақсатында «Зекет» қайырымдылық қоры оған 500 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.
Қор өкілдері талантты пианистің халықаралық аренадағы жетістіктері Қазақстанның мәдени беделін арттыруға үлес қосатынын атап өтіп, алдағы байқауда сәттілік тіледі.
