“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

«Мамандықтар мектебі»: жазғы курс қорытындыланды

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 11 августа 2026
Просмотров: 7

«Зекет және қайырымдылық» қорының Пригород елді мекенінде жүзеге асырып жатқан «Мамандықтар мектебі» әлеуметтік жобасы аясындағы қысқа мерзімді жазғы курс өз мәресіне жетті.

Курсқа қатысқан балалар үшін қорытынды күн ерекше әсерлі өтті. Жас қатысушылар Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі аралап, еліміздің тарихы мен мәдени мұрасымен жақынырақ танысты. Танымдық экскурсия балалардың білім көкжиегін кеңейтіп, туған елдің тарихы мен құндылықтарына деген қызығушылығын арттырды.

Экскурсиядан кейін оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған балаларға арнайы сертификаттар табысталды. Бұл сертификаттар олардың жазғы демалысын тиімді өткізіп қана қоймай, жаңа білім мен пайдалы дағдыларды меңгергенінің айқын дәлелі болды.

Жоба аясындағы сабақтар мен түрлі танымдық іс-шаралар балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың жаңа бағыттарға қызығушылығын арттыруға және қабілеттерін дамытуға бағытталды.

Балалардың қуанышы – біз үшін ең үлкен жетістік. Осындай игі бастаманың жүзеге асуына қолдау білдірген барша жанашыр азаматтарға алғысымызды білдіреміз.

Алдағы уақытта да балалардың білім алуына, қабілеттерін дамытуына және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталған әлеуметтік жобаларымыз жалғасын табады.

WhatsApp Image 2026-08-11 at 11.03.17.jpegWhatsApp Image 2026-08-11 at 11.03.16.jpegWhatsApp Image 2026-08-11 at 11.03.16 (2).jpegWhatsApp Image 2026-08-11 at 11.03.16 (1).jpegWhatsApp Image 2026-08-11 at 11.03.15.jpegWhatsApp Image 2026-08-11 at 11.03.15 (3).jpegWhatsApp Image 2026-08-11 at 11.03.15 (2).jpegWhatsApp Image 2026-08-11 at 11.03.15 (1).jpegWhatsApp Image 2026-08-11 at 11.03.14.jpeg

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры