«Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Алматы облысында мұқтаж отбасыға кезекті баспана табысталды. Игі шара барысында жаңа қоныс иесіне баспанамен бірге 1 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.
Қайырымдылық шарасы мұнымен шектелмей, қоғамның рухани-ағартушылық саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға да құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, ұстаздар мен имамдарға 40 костюм табысталды.
«Ел үлесі – пәтерге» жобасының мақсаты – баспанаға мұқтаж отбасыларға қолдау білдіріп, көпшілікті қайырымдылық пен өзара жәрдемге жұмылдыру.
Осындай игі бастамалар ел ішіндегі бірлік пен жанашырлықты арттырып, мұқтаж жандарға нақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді.




