“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

«ШЕКСІЗ ӨРНЕК»: ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 09 октября 2026
Просмотров: 11

Ерекше жандар күніне орай «Зекет» қоры QJ еріктілерімен бірлесіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Шексіз өрнек» атты сурет салу шеберлік сағатын ұйымдастырды.

Игі шараның басты мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және оларға рухани қолдау көрсетіп, қуаныш сыйлау.

Шеберлік сағатына «Шабыт» ұлттық өнер университетінің студенттері арнайы қатысып, балаларға сурет салудың түрлі әдіс-тәсілдерін үйретті. Жас өнерпаздар балалармен бірге шығармашылық жұмыстар орындап, олардың қиялына қанат бітірді.

Шара барысында балалар түрлі түсті бояуларды пайдаланып, өз ойлары мен армандарын қағаз бетіне түсірді. Әрбір туынды олардың ішкі жан дүниесін, ерекше көзқарасын және шексіз қиялын бейнеледі. Шығармашылыққа толы кездесу балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өз қабілеттерін еркін көрсетуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, шара аясында қатысушы балаларға қаржылай сыйлықтар табысталды. Бұл игі бастама балалардың қуанышын еселеп, кездесудің әсерлі сәттерінің біріне айналды.

Аталған шара ерекше балаларға қолдау көрсетудің, олардың бойындағы талантты ашудың және қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығын көрсетті.

«Зекет» қоры игі бастаманың жүзеге асуына үлес қосқан «Шабыт» ұлттық өнер университетінің студенттері мен QJ еріктілеріне шынайы алғысын білдіреді.

Әр бала – қайталанбас әлем, әр талант – баға жетпес қазына. Өнерде шекара жоқ, ал мейірімнің шегі жоқ!

WhatsApp Image 2026-10-09 at 12.26.27 (1).jpegWhatsApp Image 2026-10-09 at 12.26.28 (1).jpegWhatsApp Image 2026-10-09 at 12.26.29.jpegWhatsApp Image 2026-10-09 at 12.26.28 (4).jpegWhatsApp Image 2026-10-09 at 12.26.28 (3).jpegWhatsApp Image 2026-10-09 at 12.26.28 (2).jpegWhatsApp Image 2026-10-09 at 12.26.28.jpegWhatsApp Image 2026-10-09 at 12.26.27 (2).jpegWhatsApp Image 2026-10-09 at 12.26.27.jpeg

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры