“ДҮНИЕ-МҮЛІКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР” Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, І-том
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры -

ҚР, Астана қаласы, Қарасаз 3

+7 778 407 08 50

  • Басқы бет
  • Қор туралы
  • Зекет туралы
  • Жаңалықтар
  • Eсеп
  • Жобалар
    • Мақалалар
  • Байланыс
Зекетті Online есептеу

Қарағандыда «Зекет» қорының қолдауымен балаларды оңалту орталығы жабдықталды

  • Печать
  • Электронная почта
Опубликовано: 14 октября 2026
Просмотров: 18

Қарағанды қаласындағы «Кербез» балаларды оңалту орталығының бір бөлмесі «Зекет» қорының қолдауымен заманауи оңалту және дамыту құралдарымен толық жабдықталды. Бұл – республика бойынша қордың қолдауымен жабдықталған тоғызыншы оңалту орталығы.

Игі бастаманың негізгі мақсаты – ерекше қолдауды қажет ететін балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, олардың сенсорлық қабылдауын, қимыл-қозғалыс дағдыларын және танымдық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік беру.

Жоба аясында орталықтағы арнайы бөлмеге сенсорлық-динамикалық кешен, ұсақ моториканы дамытуға арналған құралдар, бизиборд және балалардың дамуына арналған түрлі ойыншықтар орналастырылды.

Аталған жабдықтар балалардың қозғалыс үйлесімділігін жақсартуға, ұсақ моторикасын дамытуға, зейінін шоғырландыруға және танымдық қабілеттерін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар жаңа құралдар оңалту және дамыту сабақтарын тиімді әрі қызықты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жаңадан жабдықталған бөлмені салтанатты түрде табыстау рәсіміне «Зекет» қорының мамандары мен Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысты.

Жиын барысында балалардың дамуына қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығы мен осындай қайырымдылық бастамалардың қоғам үшін мәні атап өтілді.

WhatsApp Image 2026-10-14 at 09.40.21.jpegWhatsApp Image 2026-10-14 at 09.40.26.jpegWhatsApp Image 2026-10-14 at 09.40.25.jpegWhatsApp Image 2026-10-14 at 09.40.23.jpegWhatsApp Image 2026-10-14 at 09.40.22 (3).jpegWhatsApp Image 2026-10-14 at 09.40.22 (2).jpegWhatsApp Image 2026-10-14 at 09.40.22 (1).jpegWhatsApp Image 2026-10-14 at 09.40.22.jpegWhatsApp Image 2026-10-14 at 09.40.21 (2).jpegWhatsApp Image 2026-10-14 at 09.40.21 (1).jpeg

Қор реквизиті

АО "БанкЦентрКредит" Алматы

КФ «Фонд Закят ДУМК»

Kбе: 18   БИК: KCJBKZKX

БИН 110540000991

KZ208560000005121039

КНП 119 (благотворительная помощь )

Байланыс:

Тел. 8 7172 99 9869

Моб: +7 778 407 08 50

 

 

Мекен-жайымыз:

010000, Астана қаласы, Қарасаз 3

Жаңалыққа жазылу

ОК

Әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар

  • Онлайн Садақа беру
  • Зекет калькуляторы
  • Онлайн Зекет Виджеті
  • Онлайн өтініш қалдыру
  • Политика конфиденциальности
Copyrights © 2011-2024 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы Зекет Қоры