Жетісу облысында «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық жұмыстарын жүйелеуге арналған семинар өтті.
Жиынға облыстың Бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев қатысты. Сонымен қатар өңірдің қала, аудандық және ауылдық мешіттеріндегі қайырымдылыққа жауапты дін қызметкерлері мен еріктілер және жастар, оның ішінде «Қайырымдылық жаршылары» (QJ) еріктілері бас қосты.
Семинарда Қор директоры мал басынан берілетін зекет пен ұшырды жинаудың жаңа тетіктерін, мұқтаж жандармен кері байланысты нығайту және жобаларды жүйелі іске асыру жолдарын түсіндірді.
Ал өңірдің Бас имамы мұқтаждарға көмектесу исламдағы бауырмалдық пен өзара жәрдемдесу құндылықтарының айқын көрінісі екенін атап өтті.






